Бұл жерде екілік бағаға бола ата-анамызды қалай ренжітпеуге болатындығы жайында айтылады. Әрине үй тапсырмасын орнымен жазып, жақсы баға алған дұрыс, алайда кейде үй тапсырмасын орындамай баратын кездеріміз болады. Мұндай жағдайда төмендегі 2 тәсілді ескеріңіз.
1-тәсіл: Өздері сұрамайынша күнделікті көрсетпеу. Екілікті жою үшін бестік бағалар алу. Артынша ата-анамыз екілікті көріп ренжіп жатқан кезде, оны бестіктермен жойғандығыңызды айтасыз.
2-тәсіл: Ең қиын, бірақ дұрыс шешім. Ата-анаға барып барлығын өз аузымызбен айту. Ол екілік бағаны міндетті түрде жоятындығыңызды айтып көріңіз. Ең бастысы бір екілік тоқсандық бағаға әсер ете алмайды. Сондықтан оны екінші рет алмауға тырысыңыз.
Ал сіз екілік баға алған кезде не істейтін едіңіз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fashiony.ru