- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Оқу мен жұмысқа...
Оқу мен жұмысқа арналған 5 онлайн-платформа
Әлемде тарап жатқан індетке байланысты қазір барлық оқу орындары қашықтан оқу режиміне ауысты. Сонымен қатар, көптеген адам үйден жұмыс істей бастады. Назарыңызға оқу мен жұмыс барысында қарым-қатынас орнатуға ыңғайлы 5 онлайн-платформаны ұсынамыз.
1. Zoom – онлайн-мәжіліс өткізуге арналған платформа. Бұл сервисте 40 минутқа дейін жазба жұмысын жүргізуге болады. Видеолардың санына шектеу жоқ. Тіркелгеннен кейін өзге қатысушыларды бір топқа қосу үшін шақырту жіберу керек.
2. Microsoft Teams – сөйлесуге негізделген сервис. Платформада топтық электрон пошта, күнтізбе, құжаттар мен өзге де элементтерді өндеу мүмкіндігі бар.
3. Google Classroom – дәріс өткізуге арналған танымал платфома. Бұл үшін тек Googlе сервисіне тіркелу қажет. Платформада қажет құжат, тапсырманы бөлісіп, дайын жұмыстарды жинап, оларды бақылауға болады.
4. Google Hangouts – хабарламалар алмасуға арналған платформа. Бұл жерде SMS-жазбалар және видео түсірілімдермен бөлісуге болады. Hangouts екіден жүз адамға дейінгі топ құруға мүмкіндік береді. Android пен iOS жүйелеріне арналған мобильді нұсқасы бар.
5. ClickMeeting – онлайн-мәжіліс пен вебинар өткізуге арналған сервис. Жеке парақша құрып, сол арқылы топтық жұмысқа қосылуға болады. Бір топқа тек 4 адам қосыла алады. Аудио, видеоқұжаттарды барлық қатысушы еш қиындықсыз жүктей алады.