Робототехника саласы бүгінде қарқынды дамып келе жатқан технологияның үлкен жетістігі. Болашақта қолданысқа енетін жасанды интеллект секілді техникалық өзгерістердің барлығы осы робототехника негізінде жүзеге асады. Бұл әлемде сұранысқа ие сала және бұл саланы жетілдіру үшін жастайынан бала қызығушылығын оятып, оған бастапқы білімді беру міндеттеледі. Назарбаев Зияткерлік мектебінде STEM қағидасына сәйкес Робототехника курсы жүреді. STEM қағидасы: science ғылымtechnology технологияengineering инжинерияmathematics математика негізінде жүзеге асатын, негізгі міндеті нақты ғылым саласын меңгеру барысында жаңа бағыттар бойынша ілгері жылжуды талап ететін оқу бөлімі. Жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының арасында аймақтық олимпиадалар өтіп, жаттыққан дағды бойынша бақ сынайды. Олар жұмыс барысында жаңа технология ойлап тауып қана қоймай, соны дамытуды көздейді. Одан бөлек, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған оқу курстары да өтеді. Олар оқу барысында Робототехника элективті курсымен танысып қана қоймай, Lego Mindstorms EV3 Education жинағына сәйкес роботтарды бағдарламалау негіздері бойынша білім алады. Курстың мақсаты: Жалпы білім беретін ұйымдардың Робототехника элективті курсы негізінде теориялық және практикалық тұрғыдан білімін жетілдіру. Курстың міндеттері: Мұғалімдерді Робототехника элективті курсының міндетімен, мақсатымен, құрылысымен және құрылымымен таныстыру; Оқушылардың зерттеу, жобалау дағдыларын жетілдіру жолдарымен таныстыра отырып, оларды өз білім беру жүйесінде іске асыруды үйрету. Робототехника дәл қазіргі сәтте IT саласы бойынша көш бастап тұр. Әзірге жастардың арасында бұл салаға деген қызығушылық басым. Оны жетілдіру үшін білім мен ғылым негізін ұштастыра білу керек.