Жыл сайын Назарбаев Зияткерлік мектебінде жазғы мектеп жұмыс істейді. Жазғы мектеп жазғы мектеп-лагерінің заманауи түрі. Бұл кезде оқушылар жазғы демалыс пен түрлі пәндер негізіндегі қызықты сабақтарды өзара байланыстыру арқылы жаңа үлгідегі білім жүйесімен танысады. Жазғы мектептің басты мақсаты жобалар, шығармашылық жұмыстар мен ойындар арқылы бала бойындағы тілдік және ғылыми дағдыларды жетілдіру. Сонымен қатар, жазғы мектеп ағылшын тіліне аса мән беретіндіктен, оның ұйымдастыру кезінде оқушылардың ағылшын тіліндегі сөзді қорын молайту, айтылым, тыңдалым, сөйлеу мен оқылым дағыдаларын дамыту міндеттеледі. Бұл жазғы мектепке зияткерлік мектебінің оқушыларымен қатар, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары да қатыса алады. Олар мынандай мүмкіндіктерге ие болады: Біріншіден, зерттеу әдістері, зертханадағы тәжірибе жұмыстары және түрлі өзіндік жұмыстарды жүргізу арқылы алған білім көрсеткішін атап өтуге болады. Екіншіден, компьютерлік ойындардың бағдарламасын жасақтау, түрлі математикалық есептерді шешу, шифрлеу секілді қиын бағыттағы білім саласына деген қызығушылықты ояту мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі негізгі білімді жетілдіру арқылы, сөйлеу мен тыңдалым дағдыларын дамыта алады. Қатысушыға берілетін ең үлкен мүмкіндік бағдарламау саласы, робототехника және криптология секілді ғылыми салалардан алатын халықаралық деңгейдегі тәжірибе жұмысы. Оған қоса, кез келген қатысушы биотехнология, нанотехнология, электротехника, энергетика, инженерия мен экономика саласы бойынша өз білімдерін жетілдіріп, қосымша сабақ алады. Одан бөлек, оқушылар араныда түрлі спорттық, топтық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатқа ие болады. Таңертеңгілік жаттығу жұмыстары ешқашан назардын тыс қалған емес. Оқушылар тек білім жолын жалғастырып қана қоймай, түрлі шараларға белсене қатысады. Барлық үйірмелер жұмыстарын тоқтатпай, балалармен бірге болуды жалғасытра береді. Жазғы мектеп бұл баланың көңіл-күйін, олардың ғылымға деген, пәнге деген қызығушылығын оятуға жұмыстанатын арнайы сәт. Бұл уақытта бала баға үшін оқымайды. Бар болғаны, сәтті демалыс пен оқудың арасындағы байланысты үзбеу үшін жұмыстанады.