НЗМ: Формативті бағалау жүйесі деген не?

НЗМ: Формативті бағалау жүйесі деген не?
Фото: НИШ Атырау

Формативті (қалыптастырушы) бағалау – оқушының білім алуына септігін тигізіп, сонымен қатар, алға қойған мақсаттарына үздіксіз бағытталып отыратын үрдіс. Формативті бағалау бойынша қатып қалған «5, 4, 3 не 2» деген сандық бағалар болмайды. Ол бағалау критреилеріне сүйеніп, кері оқушымен кері байланыс орнатады. Яғни, оқушы қатесімен қайта жұмыстануға мүмкіндік алады.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты – оқу үрдісі кезінде оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулердің енгізілуі.  Бұл жердегі түзету енгізу шарасы мұғалім мен оқушы бірігіп пәнге байланысты жаңа мәселелердің шешімін қарастырады.  

Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың пәнмен байланысты қойған мақсатына жету үрдісін назардан шығармай, қадағалап отыруға және дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Ал оқушыға білім алу барысында жоғары жауапкершілікті сезінуге септігін тигізеді.

Қалыптастырушы бағалау:

• Күнделікті оқу кезінде қолданады. (сабақ сайын, күнделікті)
• Оқушының деңгейін әділ бағалап, сабақты еркін меңгеруге септігін тигізеді..

Бағалалау жүйесі талап ететін мақсатты белгілеудің мәрелік (стартовый) нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:

• Мақсатты бағалауға мүмкіндік беретін оқу нәтиежесіне алмастыру;
• Нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтау;
• Бағалаудың мазмұнын және жобасын дайындау;
• Оқуға сәйкес әдістерді таңдау әрі оны жүзеге асыру;
• Бағалау және мақсатқа қаншалықты жеткенін анықтау.

Әрбір оқушының оқу барысында жеткен жетістігін өзге оқушылармен салыстырмай, тек, баланың қабылдау деңгейі мен оның жұмыс істеу қабілетіне байланысты сыни көзқарас нәтижесі арқылы бағаланатын бұл жүйе әрбір мектепке керек.

Т. Есқали