НЗМ: "Екі апта ауылда" жобасы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары атқаратын арнайы жобалардың бірі – «Екі апта ауылда» әлеуметтік жобасы.

Оқушылар қандай міндет атқарады?

• Жазғы демалысының екі аптасын ауылда өткізіп, ауыл тарихымен, тіршілігімен танысады.
• Ауылда кездесетін мәселелердің төңірегінде сөз қозғайды.
• Әр күніне есеп беріп, арнайы күнделік толтырады.
• «Екі апта ауылда» тақырыбында жоба дайындайды.

Бұл әлеуметтік жоба оқушыларға не береді?

• Қалада өскен балалар үшін «ауыл» түсінігін қалыптастырады.
• Баланы еңбекке баулиды.
• Әлі күнге шешімін таппаған мәселелерге қарасты (су, газ мәселесі) өзіндік пікірі мен идеяларын қозғайды.
• Түрлі өзге әлеуметтік жобалардың негізін қалауға көмектеседі.

«Екі апта ауылда» жобасына кімдер қатыса алады?

• Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Міндетті түрде жоба ұзақтығы екі апта болуы тиіс пе?

• Иә, алғашқы апта бала ауылдың тыныс-тіршілігімен танысса, екінші аптасында бала жан-жақты көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік алады.

«Екі апта ауылда» жобасының мақсаты не?

• Болашақта ауыл шаруашылығын жетілдіретін ұрпақ тәрбиелеу.
• Баланың жан-жақты болуын қамтамасыз ету.
• Ауыл тарихы мен тіршілігіне деген құрметті арттыру.

Назарларыңызға «Екі апта ауылда» жобасы бойынша жасақталған оқушылардың жұмысын ұсынамыз.