- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- НЗМ: Болашақ түлек...
НЗМ: Болашақ түлек қандай емтихан тапсырады?
Орта мектептер секілді Назарбаев Зияткерлік мектебі ҰБТ тапсырмайды. Олардың аттестат алу мүмкіндіктері тек сыртқы суммативті бағалау ережесіне сәйкес емтихандарды тапсырып қана туады.
5-сынып оқушылары (жас аралығы 10-11 жас) бастапқы мектепті аяқтаған соң кіріктірілген негізгі тіл мен әдебиет, екінші тіл, ағылшын тілі мен математика пәндерінен емтихан тапсырады.
Оқушы негізгі мектепті 15-16 жасында 10-сыныпта аяқтайды. Негізгі мектеп ережесіне сай тілдер, Қазақстан тарихы мен математика пәндерінен емтихан тапсырып, орта мектепті аяқтады деген аттестат алады. Бұл емтиханнан соң бала колледж секілді орта білім беретін оқу орнына баруы мүмкін.
11-сыныпқа аяқ басар шақта оқушыларға пән таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Олардың қатарына биология, химия, физика және информатика енеді. Сонымен қатар қосымша пәндер: қос тіл(орыс және қазақ), экономика мен география.
Жоғары мектепті аяқтап, университетке бармас бұрын оқушы 4-сабақтан емтихан тапсырады. Ағылшын тілі тек тест сұрақтарынан құралмайды. IELTS халықаралық емтиханы бойынша бағалай ісі жүзеге асады.
НЗМ-де тарих сабағы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» (ҚӘҚ) деген пәнмен алмасады. Оқушылар бұл сабақта сараптама жұмысын жасап, арнайы зерттеу жұмысын дайындайды. Кейін, КХЕЖ(МЭСК) емтиханын тапсыру барысында тест сұрақтары мен ашық сұрақтарға жауап жазады. Сол секілді негізгі таңдау пәндері бойынша ашық сұрақтарға жауап жазып, емтиханның екінші кезеңінде зертханалық жұмыс жасайды.
Жаһандық перспективалар және жоба жұмыстары пәні бойынша әлемдік мәселелер қатарына енетін тақырыптарға сәйкес зерттеу жұмысын жасақтайды.
Емтихан мамыр айында өтіп, қорытынды маусым айының ортасында белгілі болады.