Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің шетел білім жүйесіндегі тың өзгерістерді елімізідң білім жүйесіне енгізу арқылы ерекшеленеді. Білікті мұғалімдермен қатар, шетелдік мұғалімдер де білім жүйесіне өз үлесін қосып жатыр. Соның ішінде ғылыми салада шетел мұғалімдерімен тәжірибе алмасу өзінің оң нәтижесін бермек. Ол үшін не істеуге болады? Team teaching бағдарламасы бойынша қос мұғалімнің бір пәнді еркін өткізуі арқылы барлық мақсаттарға қол жеткізуге болады. Team teaching бұл екі білікті маманның бір топқа бірлесе сабақ өткізуі. Яғни, бірін-бірі толықтырып қана қоймай, бір мақсатқа жылдам әрі нақты қол жеткізу үшін оқытушылардың біріге қызмет етуі. Team teaching оқыту бағдарламасы не үшін керек? Оқушылар өзіне тиімді бағыт бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, әр мұғалімнің өзіне тән оқыту бағыты мен стилі бар. Ал, екі түрлі бағытты біріктіру арқылы оқушылардың ойлау көкжиегі жетіледі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша оқу мына салалар бойынша оқушының дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді: Шет тілінде еркін сөйлеу, ойлау және зерттеу жұмыстарын жүргізу; Кәсіби деңгейде білім алу: терминдер мен олардың анықтамасын екі тілде жетік білу. Team teaching арқылы оқушылардың білім деңгейін қалай жетілдіруге болады? Топ болып сабақ беру оқытушылардың сабаққа тыңғылықты дайындалуын, олардың жоспарлауын және әрбір мұғалімнің атқаратын қызметін түсінуге мүмкіндік береді. Яғни, оқытушы сабаққа ешқашан дайындықсыз келмейді. Екі мұғалімнің жұмыс істеуі оқушыларды бағалау барысында кедергі тудырмайды. Өйткені, қос мұғалім оқушылардың жұмысына сәйкес баға қояр сәтте ақылдас, бірлесе шешім қабылдау секілді әрекеттер орын алады. Team teaching мұғалімдерге не береді? Біліктілік пен топтық жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларды топтық жұмыс істеуге баулиды. Ал, ол үшін оны үйрететін мұғалім де бұл бағытта еркін жұмыс істей білуі тиіс. Мақсаттарды бірге анықтайды. Кейде мұғалімдерге сабақтың мақсатын анықтау қиындық тударады. Сол себепті ақылдаса шешім қабылдау ешқашан артық етпейді. Оқуға керекті материалдардың жан-жақты болуы. Қос тілді маманның бірлесе жұмыс істеуі оқушыға берілетін ақпараттар аймағын кеңейтеді. Олар қазақ, ағылшын және орыс тілінде ақпарат ұсынады. Бір оқу стилінен оқушы жалығады. Ал, қос мұғалім әр уақытта сабақты әр түрлі өткізуге мүмкіндік алады. Болашақта білікті маман дайындау үшін оларға берілетін білім сапасы да жоғары болуы тиіс. Ұстаз мектептің анасы. Демек, оқушы тәрбиесінің іргесін қалайды. Өз ісінің шебері әрқашан білікті маманды тәрбиелейді. Ол дәрежеге жету үшін барлық тәжірибеде бақ сынап көрген дұрыс. Team teaching мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасатын алаңы.