Музыкалық тәрбиенің мәні

Музыка өнері оқушыны әсемдікке бастайды, руханияты мен мәдениетін өсіреді. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халық қазынасын, оның таңдаулы үлгілерін ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру – басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады.

Бесік жыры оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиял-қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді. Әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рөл атқарады.

Қазіргі заман талаптарына сай жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда балалар фольклоры жанрын пайдаланудың мәні үлкен. Фольклор сәбидің дүние есігін ашқан алғашқы күндерінен басталуы тиіс. Осы тұрғыда балалардың эстетикалық мәдениетін дамытуда қазақ фольклор жанрын пайдаланудың мәні үлкен. Солардың бірі – балаларға арналған әндер, бесік жырлары.

Қазақ балалар әндерінің қай-қайсысын алсақ та өнегелі өсиет пен ізгілікті мейірбандықты, татулық пен бірлікті, адамгершілікке, байсалды мінез-құлықты, салиқалы ақылдыдықты насихаттап отырады. Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын бастауы – «Бесік жыры» десек, мұнда қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі, халықтың шешендігі мен арманы бейнеленген.

Ойымызды қорытындылайтын болсақ, оқушыларға көркем-эстетикалық тәрбие беру халықтың мәдени дәстүрлеріне негізделуі тиіс. 

kazigurt-tinisi.kz