Мұғалім имиджі

Қазіргі кездегі соңғы басылымдарда, әдебиеттерде мұғалімнің кәсіби имиджі жайлы өте көп айтылып жүр. Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді. Имиджді қалыптастыру процесі кімге байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің табыстылығына қалай әсер етеді? Мұғалім бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады.

Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі оның мансабымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленеді.

Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек. Мұғалім имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек.Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие үрдісінде өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әр-түрлі әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты талаптар болып табылады. Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі ұстай білуі мұғалім имиджі болып саналады. Егерде оқушы мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса, пәнге деген қызығушылығы да болмауы мүмкін. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің ерекшелігі оның қоғамдық мақсатында. Мұғалім оқушылар мен ата-аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған қойылатын талапта әрқашан жоғары.

Мұғалім мамандығы ерекше болғандықтан, ол әрдайым көпшіліктің алдында. Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жан-жақты ашылып, жарқырап көрінуі, өзіңіз туралы жақсы пікірдің қалыптасу жолы. Мұғалім өз имиджін өзі жасау керек, бұған киім таңдауы да жатады. Мұғалім имиджіндегі басты құрал, оның даусы, дауыс ырғағы, оны сабақта қолдана білуі. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші. Сонымен мұғалім имиджі – бұл ішкі және сыртқы мазмұн бірлігі. Осы орайда ең маңыздысы мұғалім өзімен сыныпқа «не алып келеді?», ал ол кеткенде «не қалады?». Әрине мұғалім мамандығы ғана әрқашан «мен нені іске асырдым, не іске аспады, бұданда жақсы болу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуі керек. Сонда ғана мұғалім сыйластыққа ие бола отырып, дұрыс қарым-қатынаста бола алады. Әр мұғалім имиджі тек өзіне тән педагогикалық стильде қалыптасады. Бір мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер имиджі, мектеп имиджін анықтайды.

Тартымды имидж дегеніміз:

- Айналасындағы адамдардың көңілін таба білу кепілі.

- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.

- Қандай да бір жағдайда шешім таба білуі.

Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Оқушылар мен ата-аналардың алдында мұғалім тартымды, сымбатты, әдемі,мейірімді болуы керек. Ал бұл имиджге байланысты мәселе.

Имидж құрылымы:

- сыртқы бейне;

- вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;

- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.

Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады.

- Мәнерлі сөйлеу

- Көндіре білу

- Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу

- Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу

- Шыдамдылық

- Көргіштік

- Сезе білу

Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас қандай. Ол сізбен жүздесуден соң сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптасады. Әрине сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет.