- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Мұғалім – ең...
Мұғалім – ең қажетті мамандық
Мұғалім – ең қажетті мамандық. "Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау" деп бекер айтылмаған. Ол бір ұлттың ұрпағын тәрбиелеп отырған ұлы тұлға. Ұстаз көрмеген адам алысқа бара алмайды.
Ұстаздар мерекесіне орай биыл еліміздегі бірнеше педагог мамандар "Үздік педагог" атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның 2017 жылғы 28 қыркүйектегі отырысының қорытындысы бойынша мектепке дейінгі және жалпы орта білім жүйесі бойынша "2017 жылдың үздік педагогі" атағына ие болды.
Олардың қатарында: Қошанов Серік Сүлейменұлы (Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы № 17 орта мектептің химия және биология пәнінің мұғалімі), Кинцель Александр Евгеньевич (Ақмола облысы Степногор қаласындағы №6 Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі), Аяуова Раиса Қосжанқызы (Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаттың химия және биология пәнінің мұғалімі), Рамазан Қайрат Мэлсұлы (Алматы облысы Текелі қаласындағы № 5 орта мектептің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі), Жиенқұлова Ақманар Тілеуқызы (Атырау облысы Атырау қаласындағы Д. Байбосынов атындағы № 13 ұлттық мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Кенжебаева Жанна Оңғарбекқызы (Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі), Сидарова Айсәуле Бекетқызы (Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі), Жомартова Гүлназ Жұмакелдіқызы (Қарағанды облысы Білім басқармасының Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі) және т.б. белгілі ұстаздар марапатталды.
Бүгінгі дамыған заманда мұғалімдерге қойылған талап та күшейе түсті деуге болады. Себебі, уақыт көшіне ілесіп отыру басты міндеттердің бірі боп саналады. Мәселен, қазіргі мұғалімдерге мынадай талаптар қойылады: заманауи технологияны игеру, психолог бола білу, тәуекелшіл болу, өз ісінің көшбасшысы болу, т.б. Осылардың ішінде ең қажеттісі заманауи технологияны меңгеру. Қазір қаалм мен қағаздың дәуірі өтіп бара жатқанын ешкім жоққа шығармайды. аманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де алады.
Естеріңізге сала кетейік, ұстаздар мерекесі жыл сайын қазан айының алғашқы аптасында тойланады.
Ж. Жұмағұлов