Моншақтармен фокус жасау

Моншақтармен фокус жасау
Фото: lero-shop.ru

Фокус – көз алдау. Көз алдыңдағы нәрсені демде жоқ етіп не оны өзге нәрсеге айналдырып жіберуде әркімнің өзіндік құпиясы бар. Қарапайым адамдарға беймәлім құпиясымен ғана жұртшылықтың таңданысына, қызығушылығына ие. Бүгінгі біз ұсынатын фокус түрімен балаларды ғана таңдандыруға болады. Байқап көріңіз.

Сиқыршы көрермендер алдына шығып, стақанға бірнеше моншақты салады. Көрермендерге ол қарапайым стақан екенін көрсетеді. Одан соң магиялық әдіс қолданады да, стақанды төменге төңкереді. Оның ішінен ештеңе түспейді, моншақтар жоғалып кетті. Сиқыршы қолын қалтасына салып, моншақтарды қалтасынан шығарады.

Фокустың құпиясы мынада: Алдын ала стақан ішіне ортасы сәл ойылған қағаз салып қойсыз. Моншақтар бос орынға жайғасады. Стақанды төңкерген кезде моншақтар қатты қағаздан төгілмейді. Ал қалтаңызға алдын ала дәл сондай басқа моншақ салып аласыз.

@. @assel_assanova