- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Миға жаттығу...
Миға жаттығу
Ми ұйықтамауы тиіс. Ол күн сайын белсенді болып, жаңа да тың нәрселерді ойлап, іске асыруы қажет. Тереңдетілген білімді мектепте оқитындар миға шабу жасау үшін күн сайын жүздеген есеп шығарып, ондаған өлең жаттайды. Сіздерге мұндай күрделі жолын жазбай-ақ, жай жаттығу жасау жолдарын ұсынамыз.
Мүмкіндігінше тезірек 100-ден 1-ге дейін кейін қарай санаңыз.
Алфавиттің әр әрпіне жаңа сөз ойлап, толық айтып шығыңыз. Мысалы А – ауа, Ә – әткеншек, Б – батпырауық. Бір әріпке отыз секундтан ұзақ ойлансаңыз, келесі әріпке көше беріңіз.
Нөмірлей отырып, отыз р адамның атын айтып шығыңыз. Мысалы 1 – Бауыржан, 2 – Ернар, 3 – Шерхан деген секілді.
Дәл осылай қыздардың атын атап шығыңыз.
Тағы да осы әдіспен отыз тағамның атауын айтыңыз.
Әліпбидегі кез келген әріпті таңдап алып, сол әріптен басталатын 30 сөз айтыңыз.
Көзіңізді жұмып, отызға дейін санаңыз. Миыңыз жанып тұр, жұмыс жасауға әзір.
@. @assel_assanova