Бастауыш сыныпты бітіріп, 8-9 сыныпқа қадам басқан кезде, сіз қиын кезеңді бастан өткересіз. Өйткені, ұстазыңыздың айналайын деп басыңыздан сипайтын уақыты әлдеқайда артта қалды. Енді айналаңыздағылар сізді ересек адам деп танып, санасады. Ұстаздар үй тапсырмасын көбірек береді. Кейде қорықсаңыз, енді бірде бақыттың құшағында жүресіз. Осы қалған 4 жылдың ішінде көп тәжірибе жинақтауға үлгеріңіз. Мектеп қабырғасында өткерген әрбір секундымыз жадымызда мәңгілік сақталады. Бұл кезең өте қиын болуы мүмкін. Егер қандай мінез-құлық танытатыныңызды білмесеңіз, кезекті материалымызды оқыңыз.
1. Мектеп ережесіне бағыныңыз. Ең алдымен, мектебіңіздің ережелерімен танысыңыз. Артынша сол ережелерге сай әрекет жасаңыз. Ұстаздарға ғана ұнап қоймай, сыныптастарыңыздың арасында да беделіңіз жоғары болсын.
2. Өсек сөзге назар аудармаңыз. Осылайша жанжалдың алдын аласыз. Адам баласы пенде болғандықтан, міндетті түрде «жаман сөз» айтады. Бұл әрекетін саналы түрде бағаламауы мүмкін. Өзіңіз туралы өсек сөздің айтылып жатқанын естісеңіз де, мән бермеңіз. Оның не үшін шыққанын анықтауға тырыспаңыз. Ең бастысы, өзіңіз өсек таратпаңыз. Тіпті біреу туралы шын ақпарат білсеңіз де, оны жасырыңыз.
3. Кісіні досынан таны демекші, тек жөні түзу адамдармен ғана достасуға тырысыңыз. Мұның маңызы зор. Жанжалға араласпайтын, түймедейді түйедей етпейтін, зиянды әдеттерден аулақ оқушылармен сыйыңыз жарассын.
4. Достарыңызға өзіңізді жайсыз жағдайға қалдыруға мүмкіндік бермеңіз. Жоғарыда айтқанымыздай, кей адамдар басыңызды қатерге тігуі мүмкін. Егер біреу сізден өтірік айтуды, келесі бір адамға қиянат жасауды өтінсе, ондай іске бармаңыз. Өзіңіз дұрыс емес деп санайтын іске мүлдем араласпаңыз. Мұны «құрдастардың қысым жасауы» деп атайды.
5. Біреу сізден жаман іс жасауды өтінсе, бұл туралы үлкендерге айтудан қысылмаңыз. Осы әрекетіңізден кейін сізді біреу «мамасының баласы» немесе «жылауық» деп атайды деп қорықпаңыз.
6. Тәніңізге зақым келетін ешнәрсе жасамаңыз. Туған бауырларыңызға қалай қамқор болсаңыз, өзіңізге де дәл сондай қарым-қатынас жасаңыз. Ата-анамызбен, достарымызбен ренжіскенде тамыр кесу, анаша қабылдау, ішімдік ішу, темекі тарту, насыбай ату дегендерден аулақ болыңыз. Көмек сұрасаңыз, қол ұшын созатын адамдар міндетті түрде табылады.
Жалғасы бар...