Бастауыш сыныпты бітіріп, 8-9 сыныпқа қадам басқан кезде, сіз қиын кезеңді бастан өткересіз. Өйткені, ұстазыңыздың айналайын деп басыңыздан сипайтын уақыты әлдеқайда артта қалды. Енді айналаңыздағылар сізді ересек адам деп танып, санасады. Ұстаздар үй тапсырмасын көбірек береді. Кейде қорықсаңыз, енді бірде бақыттың құшағында жүресіз. Осы қалған 4 жылдың ішінде көп тәжірибе жинақтауға үлгеріңіз. Мектеп қабырғасында өткерген әрбір секундымыз жадымызда мәңгілік сақталады. Бұл кезең өте қиын болуы мүмкін. Егер қандай мінез-құлық танытатыныңызды білмесеңіз, кезекті материалымызды оқыңыз.
6. Қарым-қатынасқа бола уайымдамаңыз. Мектеп қабырғасында міндетті түрде бір адамға ғашық боласыз. Ең алғашқы махаббаттың мектеп партасынан басталатыны рас. Алайда махаббат сезімі сіз ойлағандай тек бақыт сыйламайды. Бірде армандарыңыздың күлін көкке ұшырып, күйзелтеді. Артынша сабақ үлгеріміңіз нашарлайды. Сол себепті, сезімге ерік бермеңіз. Қуанышты сәттердің көп болуына жағдай жасап, сүйген адамыңызбен дос болуға тырысыңыз.
7. Дене шынықтыруға бола алаңдамаңыз. Көп оқушы бұл пәнді ұнатпайды. Әрине, бөлек тәрбиеленген сыныптастарыңызбен бір бөлмеде киім ауыстыру қиын. Бұдан өзге денсаулығыңыздың нашарлығы әсер етуі мүмкін. Барлығының өзіңіз секілді ұялатынын естен шығармаңыз.
Алғашында барлығы сізге қарап тұрғандай сезілуі мүмкін. Шындығында, сыныптастарыңыз ішінен дәл осылай ойлап, өз-өзімен әуре болып тұрады. Барлығы да жылдамырақ киім ауыстырып үлгергісі келеді.
8. Қиындықтарды шешіп үйреніңіз. Мұның мектеп қабырғасында ғана емес, алдағы өміріңізде де маңызы зор. Егер мәселенің басын ашып, қиындықтарыңызды осы кезеңнен шешіп үйренетін болсаңыз, үлкен өмірде қиналмайтын боласыз.
Мысалы, қиналған сәтте көмек сұрап үйренуіңіз қажет. Кейде өзіңізді ақымақ адамдай сезінетініңіз рас. Алайда бұл әрекетіңіз қате. Барлығының да қиындықтары болады. Олар да бір кездері біреуден көмек сұраған.
9. Ағаттық жасасаңыз, кешірім сұраңыз. Салдары қандай болса да, оны көтере біліңіз. Кездейсоқ жасаған жамандығыңыз үшін де жауап бере білгеніңіз жөн. Байқаусызда өсек сөз айтқан болсаңыз да, кешірім сұраңыз. Ұстазға өтірік айтқан болсаңыз, шындықты жасырмаңыз. Жабулы қазанның аузы әйтеуір бір ашылады. Көп қиындықтың алдын алғыңыз келсе, ойыңызды тұспалдамай, нақты айтыңыз. Бір нәрсені айтпас бұрын ойланып алыңыз.