- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Мектепте үйренуге тиіс...
Мектепте үйренуге тиіс 12 қағида
Мектепте үйренуге тиіс 12 қағида:
1. Барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Қазір үлкен болып көрінген мәселені үш жылдан кейін еске алмауыңыз да мүмкін.
2. Паркинсон заңы. Сіз қолға алған істі ойлағаныңыздан да жылдам бітіре аласыз. Ол үшін уақытты ойлануға жұмсамай, бірден іске көшіңіз.
3. Топтық операция. Жалықтырып жіберетін бір текті операцияларды топпен бөлісіп орындау жылдамдықты арттырады.
4. Алдымен өзіңіз көмектесіп, кейін өзгеден жәрдем алып үйреніңіз. Барлығы осындай ретте орындалуы керек.
5. Әрдайым көштің алдында жүріңіз. Әлемде болып жатқанның барлығынан мүмкіндігіңізше хабардар болыңыз.
6. Қателіктер мен сәтсіздіктердің барлығы жақсы. Олар сізге тәжірибе жинақтап, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі.
7. Өзіңізге тым қатал болмаңыз. Бұл күш-қуатыңызды тауысып, жаныңызды ауыртады.
8. Барлығымен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Бөгде адамдармен кездесуде достарыңызбен отырғандай әсерге бөленіңіз. Қарым-қатынасты осындай ұстаныммен бастасаңыз, еш жерде қобалжымай, өзіңізді еркін ұстайсыз.
9. Сіздің көңіл-күйіңіз айналаңызға тікелей әсер етеді. Реализмнің астарында пессимизм жасырынып жатуы мүмкін. Бұл барлық ойыңыздың пессимизмге бағытталғандығынан. Мұны жылдам өзгертіп, әрдайым күлімдеп жүріңіз.
10. Қайырымдылық – бақытты болудың қарапайым тәсілі. Өзіңізден бұрын өзгеге қайырымдылық жасау үлкен қуанышқа бөлейтінін біле жүріңіз.
11. Өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз. Егер өзгелермен салыстырар болсаңыз, сіз емес, өмір сізді жақсылап бақылауға алғаны. Дұрысы өзіңізбен ғана салыстырып, бұл уақытқа дейін қандай болған едіңіз, қазір қандай жетістіктерге жеткендігіңіз туралы ойлаңыз.
12. Сіз қорқатын нәрселердің 80-90%-ы өмірде жүзеге аспайды. Олар тек сіздің басыңызда өмір сүретін құбыжықтар ғана. Егер орындалып жатса, сіз ойлағандай қорқынышты емес. Үздіксіз ойлап, алдын ала мазасыздану уақытты өлтіреді.
B. ZHAQSYMBET