Көп оқушы мектепте танымал болып, ұстаздардың ыстық ықыласына бөленуді жөн көреді. Алайда сыныптастарының өзін қалай қабылдайтындығын білмей қиналатын кездері де болады. Төмендегі кеңестердің көмегімен қоғамдағы беделіңізді арттырып, құрдастарыңыздың арасында танымалдылыққа ие бола аласыз.
Командалар мен үйірмелерге тіркеліңіз. Баскетбол, футбол командаларының бір мүшесі атанып, жақсы таныстар таба аласыз. Мұндай ұйымдарда тілегі бір жандар болатындықтан, мақсаттастарыңызды да табуыңыз мүмкін.
Сәнді киімдер киіңіз. Атақты болу үшін міндетті түрде қымбат киім киюдің қажеті жоқ. Бар болғаны киіміңіз денеңізге қонымды болсын. Заманауи талғамға сай киінетініңізге көз жеткізіңіз. Сары кардиганмен, мокасиндермен түрлі-түсті шұлық кимегеніңіз жөн. Киімдеріңізді дұрыс үйлестіре білсеңіз, қолыңыздан барлығы да келеді.
Таза жүріңіз. Барлығына үлгеру үшін ерте тұрғаныңыз жөн. Душқа шомылып, тісіңізді тазалаңыз. Қырынып, дезодорант жағыңыз. Таңертең ең жақсы досыңыз сабын екенін ұмытпаңыз. Қыз бала болсаңыз, жеміс-жидектің иісі аңқып тұратын әтір себіңіз. Ал ұл бала болсаңыз, тәніңізді таза ұстап, уақыт өте келе одеколон пайдаланыңыз. Денеге арналған спрейлер мен әтірді шамадан тыс қолданбаңыз. Бұл жуынбаудан да жаман.
Қажет пәндерді таңдаңыз. Бұл тек кей пәнді ғана оқу керек деген сөз емес. Керісінше, мектепте беделі жоғары оқушылар сабақтан қалмай, үнемі жақсы баға алады. Журналист болып, театр өнерін меңгеру арқылы да танымалдылыққа ие боламыз.
Шешімді дұрыс қабылдай біліңіз. Ешқашан өтірік айтпаңыз, шылым шекпеңіз, сабақтан қалмаңыз және ішімдік ішпеңіз. Мұның барлығы да алдағы өмірде кедергі жасайды.
Өзіңізге сенімді болыңыз. Адамдар қойдан жуас және тым сөзшең жандарды байқай бермейді. Үнемі жылы қабақ танытып, айналаңыздағыларға қошемет сөз айтыңыз. Музыка, фильм, сабақ, спорт сынды ортақ қызығушылықтар туралы әңгімелесіңіз.
Жасандылықтан аулақ болыңыз. Жасандылықтан жаман ешнәрсе жоқ. Мұндай қылығыңыз достарыңызға ұнамайды.
Танымал болғыңыз келсе, барлығынан хабардар болыңыз. Айналадағылардың барлығымен тіл табысыңыз. Құрдастарыңызбен әңгімелескенде өзіңізді барынша сенімді ұстап, тұлғалық қасиетіңізді таныта біліңіз. Бұрын-соңды көрмеген адамдарыңызбен де танысыңыз. Өзіңіздің сыныбыңызбен шектеліп қалудың қажеті жоқ.
Мейірімді болыңыз. Өзімшіл адамдарды ешкім ұнатпайды. Мектеп дәлізінде жүргенде барлығына жылы шырай танытыңыз. Өзгелерге қарағанда табысты екеніңізді көрсетпеңіз. Және кез келген адамның айтқанына көне бермегеніңіз жөн. Әйтпесе, басыңызға шығып алады.
Оқушыларды мазақтамаңыз. Атың шықпаса, жер өрте демекші, бұл қылығыңызбен артыламын деп ойламаңыз. Егер сыныптастарыңызға күле қарап, мазақтайтын болсаңыз, сізді жақсы көрмейтін болады.
Білім алуға да уақыт бөліңіз. Әлеуметтік дәрежеңізге қарағанда, бағаларыңыздың болашағыңыз үшін маңызы зор.
Біреу дөрекі мінез танытса, өзіңізді қорғай біліңіз. Осылайша айналадағылар үшін мықты болып көріне аласыз.
Физикалық жаттығулар жасаңыз. Жаттығу жасау арқылы деніңіз сау болып, өзгелерді сыртқы келбетіңізге қызықтыра түсесіз.
Шын мәнінде танымал болғыңыз келсе, жан-жақты болыңыз. Таңдаған сүйіктіңіз де сұлу әрі ақылды болсын.
Ал сіз мектебіңізде танымалсыз ба?