Оқушы болып жүрген шағымызда мектепке баруды ұнатпасақ та, есей келе оған айтар алғысымыз шексіз болады. Сөзіме сеніңіз. Ең қиын, ең ауыр деген сәттерден сабақ алып, тәжірибе жинақтағанымызға айтарлықтай қуанамыз. Үлкен өмірге 100% дайындықпен қадам басып жатқандай әсерге бөленеміз.
1. Сабақ оқыған қызықты. Жер бетінде мектептер болмаса да, біз оқи беретін едік. Б.з.д. өмір сүріп, түрлі жазба қалдырған тарихшы, зерттеуші, ғұлама ғалымдарды еске алыңызшы. Олар біз секілді арнайы мектеп партасында отырып білім алмаса да, ұстаз бола білді. Білгендерін шәкірттеріне үйретті. Мектеп жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады. Білімді жүйелі түрде алуды ұсынады.
2. Сабаққа барудың пайдасы көп. Мектепке бірі күйзеліп барса, екіншісі сәнді киімін көрсетуге, үшіншісі достарымен жүздесуге барады. Яғни білім алудан өзге себептер де бар. Ұлдарға қарағанда қыз балалар мектепке барғанды көбірек жақсы көреді. Бұл көпшіліктің көзайымы болуды ұнататындықтарымен байланысты болса керек.
3. Ата-ананы ренжітпеу үшін оқу. Олар – бұл әлемдегі ең жақын адамдарымыз. Өйткені өмір бойы біздің кемшіліктеріміз бен ерке мінезімізге төзіп келді. Қажет болғанда сын айтып, мерейі үстем болатын кездер де болды. Олардың бізге деген қарым-қатынасы ауа райы секілді әсер етеді. Осының салдарынан оларды жақсы баға алып қуантқымыз келеді.
4. Есею. Олар енді бүлдіршін емес, білдей бір портфельдің иесі десек те балады. Мектеп табалдырығын аттаған кезде, өздерін ересек адамдай сезінеді. Ойға алғандарын жүзеге асыру үшін жылдам есейгісі келеді.
Ал Сіз бұдан өзге қандай себептерін білесіз?
Сурет: nis.edu.kz