Тереңдетіп оқытатын не басқа да мектептерде баланы бірінші сыныпқа емтихан тапсыру арқылы алады. Бала сынақтан сүрінбей өту үшін не қарапайым мектепке барғанда ата-анасын ұялтпауы үшін не білуі міндетті? Білімсіз адам сәннен қалған заманда сауатын ашып үлгермеген балаға да қойылар талап күшті.
• Ең алдымен өз аты-жөнін, ата-анасының аты-жөнін толық білуі тиіс. Тұрғылықты мекен жайын, телефон нөмірін, ата-анасының жұыс орнын да жатқа білгені жөн.
• өзі тұратын елдің, қаланың, өлкенің атын және өзге де елдер мен қалалардың атауларын мүдірмей атай білу.
• Ең көп таралған өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, аң-құстар мен балықтар атауы. Үй жануары мен жабайы жануарларды, көкөністерді және ішінде сүйегі бар жеміс пен сүйегі жоқ жидекті бір-бірінен ажырата білу.
• Жануарлар не себепті үй жануары және жабайы жануар деп бөлінетінін, қай жануар адамға қандай пайда тигізетінін түсіндіру.
• Құстар мен жануарлар сыртқы пішіні бойынша қалай ерекшеленетінін айту (тиіннің құйрығы үлкен, қоянның құлағы ұзын).
• Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, ит, мысық, аю, түлкі, қасқыр, кірпі балаларының, төлдерінің атауы.
• Жеміс пен жидектің қайсысы ағашта, қайсысы бұтада өсетінін ажырату. Жеміс-жидек пен көкністің түсін шатастырмау.
• Үйде және балабақшада көріп жүрген өсімдіктерінің атын атау.
• Әуе көлігін, су көлігін, жермен және жер астымен жүретін көліктерді білу.
• Сол жақ құлағын, оң жақ көзін, сол жақ иығын, оң жақ тізесін, сол қолын қателеспей көрсету.
• әртүрлі мамандық атаулары мен мамандардың атқаратын қызметтері.
• Бөлмеден шарға ұқсайтын, төртбұрышқа, үшбұрышқа, дөңгелекке, шаршыға ұқсайтын нәрселерді тез табу.
• Қай зат жиһазға, ыдысқа, киімге, жеміске, көкөніске, аяқ киімге жататынын білу.
• Жыл мезгілдерін, бір жылда неше ай бар екенін, атауларын, бір айда неше күн, аптада неше күн, бір сағатта неше минут бар екенін ұмытпау.
• Басты түстерді шатастырмау.
• Оң мен солды, жоғары мен төменді, алды мен артын ажырату.
• Басты спорт түрлері, жолда жүру ережесі мен белгілері.
• Атақты ақын-жазушылардың аты-жөнін атау.
• Мереке күндері.
• Бос уақытында шұғылданатын сүйікті ісі туралы әңгімелей білу.
• Ең бастысы: мектепке не үшін барғысы келетінін айту.