"Шаншар" әзіл-сықақ тетары мектеп өмірін әзілге қосып қана қоймай, жоғары жақ ұсынып отырған түсініксіз білім жүйесін тілге тиек еткен. Сонымен қатар ата-аналардың құқығы мен ардагер ұстаздардың қадірі жайында да сөз болады. Қазіргі қазақ мектептеріндегі білім берудің қиындығы мектеп бағдарламасының ауырлығында екенін айтқан. Әзіл әзілімен болса, зілі басым.