Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Мега Шымкент» сауда орталығының алдында флешмоб ұйымдастырды.
Флешмоб Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай өтті. Оқушылар ғашықтар күніне деген құрметін осылайша танытты.
Аталған шара жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды ардақтап, тарихқа, әдебиетке құрметпен қарауға баулу мақсатына бағытталған. Көктемнің шуақты мерекесінде 30 әдемі жұп П.Чайковскийдың музыкасына вальс биледі. Қала тұрғындарының көңілі көтеріліп, махаббат сезімін ардақтай түскендей болды.
Оқушылар сауда орталығының алдында орындаған билерін мектептестерінің алдында тағы бір мәрте қайталады.
Флешмоб қатысушысы Адай Жарасов:
- Әрбір мемлекеттің жадында мәңгілік сақталатын қаһармандары болуы тиіс. Дәл сондай тарихи қаһармандар біздің елімізде де болғанын қалаймын.
- Дайындық барысында бойымыздағы күш-қуатымыз тасып, қазақ фольклорының қаһармандары туралы көбірек білуге ынтықтық. Аталған мерекенің көктемнің шуақты күндерімен тұспа-тұс келетініне қуаныштымын. Көктем – жылдың ең романтикалық мезгілі, - дейді 8 сынып оқушысы Назым Мұса.
Айта кетсек, аталған мереке елімізде осыдан 5 жыл бұрын тойлана бастады. Бұл мереке ғашықтық сезімінің тазалығы мен пәктігін баян ететін халық эпосымен тікелей байланысты. Жыл сайын аталған мерекеге орай түрлі шаралар ұйымдастырылып отырады.
Дереккөзі: nis.edu.kz
Сурет: nis.edu.kz