- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Мектеп қабырғасында білу...
Мектеп қабырғасында білу керек болған 10 түсінік
Мектеп – бізді тәрбиелеуші, оқытып білім беруші орта. Дегенмен мектеп бәрін үйретеді деп айта алмаймыз. Онда да оқытылмай қалатын сабақтар бар. Соның бірі үлкен өмірге келген кезде түсінетін түсініктер.
1. 80/20 ережесі (Парето ұғымы)
Сізге келіп түскен 80% кірістің тек қана 20%-ы ғана сіздікі. Шындығында сіз көп нәрсе жасадым деп ойлайсыз, ол олай емес-ті.
2. Паркинсон заңдылығы
Сізге ойланып отырып жұмыс жасағаннан гөрі, тез істелетін жұмыстар тиімді.
3. Топтық жұмыс
Жалғыз өзіңізге қиын келетін кез келген жұмысты топпен орындаған әлдеқайда жеңіл.
4. Ең алдымен ұсынып үйреніңіз, кейін барып талап етесіз. Уақыт өте келе талап ету сіздің билігіңізде болады.
5. Өзіңізге тым аяушылықпен қарамаңыз.
Бұл тек қана ішкі жан дүниенің құлазуына алып келеді. Ең бірінші өзіңізге сеніңіз.
6. Қарым-қатынас – ең керемет құрал
Кез келген ортаға не кешке барған кезде ол жерде сіздің ең жақындарыңыз жүргендей күй кешіңіз. Себебі адамдармен етене араласу, олармен тіл табысу таптырмас қасиет.
7. Қайырымдылық – бақытты болудың қарапайым түрі
Жақсылық жасау, мейірімді болу бір сәттік ләззат алудың, бақытқа жетудің жолы. Сондықтан адамдарға жақсылық жасау арқылы сіз үлкен өмірге үлкен абыроймен жете аласыз. Бұл сізге бала күннен қалыптасу керек заңдылық.
8. Өзіңізді өзгемен өлшемеңіз
Сіз ол сізсіз. Сіздің көшірмеңіз жоқ. Өзіңізді біреумен салыстырудың қажеті жоқ. Ескеретін нәрсе, не биік болмаңыз, не төмен болмаңыз. Ортасында жүріп-ақ адамдық қасиеттерді атқара аласыз.
9. 80-90% қорқыныштың салдары нәтижесіз
Сіз өзіңіз күдіктеніп, қорқатын әрекеттердің 80-90%-ы іске аспайды. Неге дейсіз бе? Себебі сіз ішкі сенім мен жігерді қорқынышқа сендіріп қойдыңыз. Яғни санаңызды «ол орындалмайды» дейтін түсінік қалыптасады.
10. Бәрін жүрекке қабылдамаңыз
Бүгін болған келеңсіздікті немесе сізге айтылған сөзді үш жылдан кейін ұмытып та кетесіз. Сондықтан қазір ғана айтылған, сізге бағытталған жамандықты іштей жақын қабылдамаңыз.