Мектеп формасын ұзақ уақыт киіп, үтіктеген соң әдетте жылтыр пайда болады. Оны кетірудің төмендегідей бірнеше тәсілі бар.
1-тәсіл. Киімді жуған соң сірке қышқылы қосылған суда шаю керек. Артынша дәл осындай қоспаға малынған шүберекпен булауға болады. Алайда осы әрекетті жүзеге асырмас бұрын сірке қышқылының алдымыздағы матаға қалай әсер ететінін тексеріп алғанымыз жөн. Жасаған қоспаңызды алдымен киімнің көрінбейтін бөлігіне тигізіп көріңіз.
2-тәсіл. Үтікпен булаудың көмегімен киімнің жылтырын кетіруге болады. Ол үшін 3-4 секунд жеткілікті.
3-тәсіл. Зығыр матаны жылтырдың үстіне қойып үтіктеңіз.
4-тәсіл. 1 стақан суға 1 шай қасық сутек тотығын және 1 тамшы мүсәтір спиртін қосыңыз. Қоспаға мақтаны немесе фланель матаны батырып, киімнің жылтыраған жерлерін сүртіңіз. Артынша жақсылап шайыңыз.
5-тәсіл. Шайға салынған матамен үтіктеу арқылы жылтырды кетіруге болады.
Өкінішке орай, жылтыры кептейтін маталар да болады. Оларға құрамында синтетикалық материалдары бар киімдер жатады. Мұндай киімдерді үтіктеген кезде және кигенде абай болу керек.
Жылтыр үтіктің температурасын дұрыс таңдамаудан да пайда болуы мүмкін. Сол себепті, режимді мата түріне сәйкес таңдауымыз керек. Ол үшін затбелгісінде жазылған мағлұматқа назар аударғанымыз жөн.
Ал Сіз мектеп формасындағы жылтырды қалай кетіресіз?
Сурет: 38.astana-bilim.kz