- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Мектеп формасы қашан...
Мектеп формасы қашан пайда болды?
Міне, үш айға созылған оқушылардың демалысы сынаптай сырғып өтіп, жаңа оқу жылы басталды. Көше мектеп формасын киіп алып, оқуға асығып бара жатқан балаларға толды.
Мектеп формасы қашан пайда болды?
Бірыңғай мектеп формасы ХІХ ғасырда Ресейде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен оқушыларын бірдей киіндіру мақсатында пайда болды.
Мектеп формасы Ұлыбритания мен оның бұрынғы отар елдерінде көп қолданылады. Ал Франция, Польша сияқты кейбір Еуропа елдерінде ХХ ғасырдан кейін қолданыстан шығып қалды.
АҚШ пен Канаданың кейбір жеке меншік мектептерінің оқушылары және жапон оқушылары, сондай-ақ, Куба сияқты кейбір мемлекет балдырғандары қазірге дейін мектеп формасын киіп келеді.
Мектеп формасы неліктен қажет?
Біріншіден, тәртіпке, ауызбіршілікке шақырады. Себебі, форма оқушының бір қоғамда өмір сүріп жатқанын, өзге оқушылармен тең екенін сезінуге көмектеседі.
Екіншіден, ата-анаға тиімді, себебі, жыл бойы балалар тек бір киім киіп жүреді. Киімге қатысты бәсекелестік туындамайды.
Дегенмен, кейбір психологтар мектеп формасына қарсы. Себебі, форма, олардың пікірінше, әрбір баланың даралығын шектейді, шығармашылықпен жұмыс істеуін тежейді, ал тұйық балалар мүлде тұйықталып қалуы мүмкін.
Мектеп формасын сәнге айналдыруға бола ма?
Әрине, болады. ХХ ғасырдың орта шенінде мектеп формасын smart casual стилімен үйлестіру арқылы преппи стилі пайда болды.
Бұл субмәдениеттің өкілдері өзін ұстауы, сөйлеуі, жоғары мақсатқа ұмтылуымен ерекшеленіп, өзге жастарға үлгі болды.
Қазірде Max Mara, Lacoste, Hermes, Burberry сияқты көптеген брендтердің дизайнерлері сән маусымдарында осы стильге айналып келіп тұрады.
Ал сіз қалай ойлайсыз?
Ф. Абилова