- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Мектеп бітіруші түлектерге...
Мектеп бітіруші түлектерге бірер кеңес
Емтихан қарсаңында өзіңді сергек ұста
Тестке бір күн қалғанда одан басқа ештеңе ойламай, жақсылап ұйықтап демал.
Тест болатын күні күндегіден ерте тұруың керек.
Таңғы аста аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды. Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.
Қатты қобалжығандықтан сол күні тәбетің болмауы мүмкін, оған қарамастан тамақтан.
Емтихан деген өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білуің керек.
Емтихан тапсыратын жерге кешікпей, жарты сағат ерте бар.
Емтиханда 3 сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып бар.
Өзіңді сергек ұста. Ойыңды жинақта.
Мәтін тапсырмасына ерекше көңіл бөл, сағат және тестті орындау дың регламенттік уақыты болады. Уақыттың тығыздығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеуі керек.
Алдымен оңайынан баста. Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста.
Тапсырманы асықпай оқы! Тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс.
Алдыңдағы тапсырма туралы ғана ойла. Жаңа тапсырманы көргенде алдыңғы қиындықтарды ұмыт. Тестегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.
Сурет: im3.asset.yvimg.kz
Ж. Исакаев