- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Математикадан қазақстандық жасөсіпірімдердің...
Математикадан қазақстандық жасөсіпірімдердің халықаралық жарыстағы жетістігі қуантты
Грекияның Родос қаласында өткен математикадан жасөспірімдер арасындағы халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Барлығы 2 алтын 3 күміс 1 қола медаль жеңіп алды.
Эллиндер еліндегі жарысқа 22 елдің өкілдері қатысты. Бірінші орынға Румыния құрамасы, екінші орынды Сербиядан келген жасөспірімдер иеленді.
Данат Дүйсенбеков (Астана қ. Білім инновация лицейі) пен Нұртас Шынтас (Алматы қ. Білім инновация лицейі) халықаралық олимпиадада топ жарды. Асылбек Олжабаев (НЗМ, Алматы қ.), Тамерлан Бурамбаев (РФММ, Астана қ.) және Тоғжан Шынтай (№165 мамандандырылған лицей, Алматы қ.) күміс медаль иеленді. Ал қола Ярослав Топоровқа (РФММ, Алматы қаласы) бұйырды.
Олимпиадаға барлығы 132 жас математик қатысты. Келесі жылы бұл олимпиада Кипрде өтеді.
Н. Үсенова