Массагет ұжымы қазан айының алғашқы жексенбісінде жылына бір келетін ұстаздарды төл мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Қазақстанның барша оқытушыларына еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер дейміз. Еліміздің болашағын қолға алатын еңбексүйгіш, еліне адал азаматтар сіздердің қолдарыңыздан өсіп шығады.
Әр оқушыны өз балаларыңыздан кем көрмей, білікті біліммен сусындата отырып, тағылымды тәрбиені де саналарына сіңіре білгейсіздер.
Мамандықтарыңыздың мәртебесі биіктей берсін. Қажымай, талмай, істеріңіз сүйіспеншілікпен орындалғай деп тілейміз. Ұрпақтың ұстазы болыңыздар!