Массагет байқауына «Алдаспан» тобы арнайы жүлде дайындап отыр

Құрметті massaget.kz сайтының "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауының қатысушылары! Сіздерді кезекті хабарымызбен қуантқалы отырмыз. Қазақстанның этникалық әндерін бірегей етіп, рок жанрында орындап жүрген «Алдаспан» тобы Массагет байқауына арнайы сый дайындап отыр. Бұл туралы топтың продюсері Нұржан Тойшының өз аузынан ести отырыңыздар.

Нұржан Тойшы байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы дайындап отырған бағалы сыйлықтарын беруге уәде берді. Жастарға ағалық ақылын айтып, жеңістің үлкен еңбекпен келетінін алға тартты. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, өмірден түйген ойларымен де бөлісті.