Мектеп оқушыларына арналған логикалық сұрақтар ұсынамыз. Жауабыңызды дәлелді түрде жазып, пікір ретінде қалдырыңыздар.
1. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек.
2. Термометр аязда – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
3. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
4. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?
5. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар?
6. 5 жас маманға барлығы 1500 тг жалақы берілді. Олар ақшаны бөліп, әрқайсы өзіне 320 тг тұратын кітап сатып алғысы келеді. Біреуі сатып ала алмайтынын дәлелдеңіз.
7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
8. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?
9. Отырған бес адамның ішінде кемінде екі адамның ортақ танысы бар екенін дәлелдеңіз.
10. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз.