- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Лагерьдегі ойын түрлері...
Лагерьдегі ойын түрлері
5-8 тамыз аралығында Алматы облысы Қапшағай қаласы «Алтын Емел» демалыс орнында «Болашағыңды басқар» атты жазғы лагерь ұйымдастырылды. «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымы Қоғамдық Бірлестігі алғаш рет қолға алған шараға Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті.
Лагерь қалай өткені жөнінде қысқаша мәлімет берген едік. Оның қызығы әлі біткен жоқ. Ұйымдастырушылар жас көшбасшыларға арнап көптеген қызықты ойындар ұсынды.
«Қырық аяқ». Қажетті нәрселер: ағаш, губка.
Ойыншылар бір қатарға тұрады, ойыншылардың оң аяқтары ағашқа байлаулы болады. Ойын мақсаты А пунктінен В пунктіне жету.
«Шар» ойыны. Қажетті нәрселер: 25 шар.
Қатысушылар бір қатарға тұрады, олардың арасында шарлар болады. Қатысушылар шарды түсірмей А пунктінен В пунктіне жетуі тиіс.
«Кілем». Ойыншылардың барлығы кілемнің үстіне тұрады. Ойын мақсаты кілемнен шықпай, кілемді екінші бетіне айналдыру керек.
«Джойстик». Қажетті нәрселер: көз жұмғыш мата (әр ойыншыға).
Қатысушылар бір қатарға отырады, біреуі басты ойыншы болып тағайындалады, басқаларының көзі жұмулы болады. Ойынның мақсаты басты ойыншының ісін қайталай отырып А пунктінен В пунктіне жетіп, кілтті алу. Кілтті тек ең соңғы отырған ойыншы ғана алуы тиіс.
«Көпір» ойыны. Қажетті нәрсе: скотч.
Ойыншылар көпірдің бір бетінен екінші бетіне өтуі тиіс. Өту барысында көпірде 10 аяқ тұруға рұқсат етіледі.
«Көпір 2». Ойыншылар 3 метрлік матаны жан жағынан ұстайды. Мата ортасында сызылған жолмен ойыншылар допты бір басынан екінші басына өткізу керек. Егер доп жолдан шығып кетсе ойын басынан басталады.
@. @assel_assanova