- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Қыздарға қарағанда ұлдар...
Қыздарға қарағанда ұлдар белсенді болады
"Гипер» сөзін грек тілінен аударсақ, мөлшердің көптігін, ал «белсенді» сөзі латын тілінен аударғанда, қозғалғыш мағынасын білдіреді. Шектен тыс белсенділік оқушыларда алаңғасарлық, зейін алаңдауы, албыртық сынды қасиеттер арқылы көрініс табады. Мұндай оқушыларды психолог және педагог мамандар «қозғалғыш», «белсенді», «энерджайзер», «жанартау» деп түрліше атайды. Кей автор «белсенділігі жоғары балалар», «дамудың моторлы типі» сынды сөз тіркестерін пайдаланады. Мамандардың пікіріне сүйенсек, оқушылардың тең жартысы өте белсенділер қатарына жатады. Мұндай оқушылардың жанында ата-аналары, ұстаздары және сыныптастары қиналады. Оларға дер кезінде көмектесіп, бұл қасиеттерінен арылдырған жөн. Себебі, болашақта бұл қасиеттері қылмыркерлердің қатарын көбейтуге алып келеді.
Өте белсенді оқушылардың негізгі белгілері:
1. Қолдың буыны мен табанының сабырсыз қозғалыстары. Орындықта отырған кезде тынышсызданып, беті-аузын тыржитады. Жан-жағына қарайлап, бұралаңдайды.
2. Ұстаз «Тыныш отыр!» деп ескерту жасаса да, үнемі қозғалыста болады.
3. Ұжымдағы түрлі жағдайда немесе ойын барасында өз кезегін сабырсыздана күтеді.
4. Қойылған сұрақтарға ойланбастан, жылдам жауап береді.
5. Ойын барысында немесе сабақта назарын бір нәрсеге тұрақтатуы қиынға соғады.
6. Бір істі аяқтамай екіншісіне көше береді.
7. Тыныш отырып ойнай алмайды.
8. Тым көп сөйлейді.
9. Өзгелерге үнемі тиісіп, кедергі жасайды.
10. Көп жағдайда ол өзімізді тыңдамай тұрғандай көрінеді.
11. Үнемі заттарын жоғалтып жүреді.
12. Кейде өзгелерді күлдіремін деген ниетпен ойланбастан әрекет жасайды. Ол әрекеттерінің салдары әдетте сыныптасын жылатумен аяқталады.
Осы белгілердің барлығы оқушының бойында үш түрлі қасиеттің қалыптасуына алып келеді. Олар:
- шектен тыс қозғалғыштық;
- ұшқалақтық;
- алаңғасарлық.
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, 7-11 жас аралығындағы балалардың 16,5%-ы өте белсенді оқушылар болады. Олардың 22%-ы ұл балалар, ал 10%-ы қыз балалар.
Қыздарға қарағанда ұлдардың белсендірек болуының себебі неде деп ойлайсыз?
Сурет: zhaikpress.kz
Қ. Бүйенбай