Қысқы ойындар

Қысқы ойындар
Фото: youpainter.ru

Мақсаты: Ән музыка арқылы қыстың көріністерін сезініп, әндегі шумақ пен қайырма арасындағы өзгерісті ажырата білуге үйрету.Ойын арқылы музыка дыбысын ести білуге баулу.

Көрнекіліктер: Қыс суреті, шана

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген апайлар қонаққа келіпті. Орнымыздан тұрып амандасайық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметтеп

Бас иеміз біз.

Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз

Біз болашақ гүліміз.

Қайырлы таң, қонақтар

Қайырлы күн апайлар.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар, қане шаттық шеңберін құрайық. Шеңберде тұрып «Көңілді қыс» тақпағын айтамыз.

Бір топ бала сырғанап

Барады әне жарысып.

Қалады артта қар алап.

Іздерінен қар ұшып.

Тәрбиеші:

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

— Қыс.

Тәрбиеші:

-Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:

-Төрт мезгіл

Тәрбиеші:

Қыс айларын атап беріңдерші?

Балалар:

-Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Тәрбиеші:

Қыс мезгілін де ауа-райының ерекшеліктері қандай болады?

Балалар:

-Қар жауады, күн суық, аяз болады.

Тәрбиеші:

Қыста қандай ойындар ойналады?

Балалар:

-Қар атысу, Шаңғы тебу, Шана мен сырғанау

Жұмбақ жасыру

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады

Бұл не балалар?

(Қар)

Қызықты сәт.

Есік қағылып, ішке аққала кіреді.Сәлеметсіңдер ме балалар! Қалдарың қалай? Сендер қыс мезгілі туралы білесіңдер ме? Ендеше мен қысқаша айтып шығайын.Қыс мезгілін де айнала аппақ түске енеді. Қатты боран дауыл соғады.Үлпілдек аппақ қарлар жауады.Мен сендерге үлпілдек қарлар әкелдім. Кәне бірге үлпілдек қарларды үрлейікші.

Тыныс алу жаттығуы. «Ұлпа қарды үрлеу».

Ал мен қыс мезгілінде ғана пайда боламын. Мені қардан жасайды. Мен үш бөліктен тұрамын, басым, кеудем ,аяғым.Мен қыс мезгілін өте жақсы көремін.

Балалар бүгінгі әніміз «Зырлайды шанамыз».

Бұл ән көңілді айтылады.

Балалар

Мен сендерге ертеңгі ауа-райын айтамын.

Алматы да күн шығады.(арқаны баяу сипалау)

Жезқазғанда қатты жел тұрады.(қатты сипалау)

Қарағанды да қар жауады.(саусақтар мен қар жауғанын келтіреді).

Астана да. Бұршақ жауады (жұдырықтап ұрады).

Сергіту сәті.

Жан-жағымызға қарайық

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты Р-Р-Р.

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар балалар

Қар лақтырып ойнаңдар.

Д.ойын. «Қатырмақ».

Д.ойын. «Қайда не қоямыз».

Тәрбиеші:Балалар тіс пастасы мен қардың суретін салу.

Қорытынды.

Дыбыстық жаттығу.

Ыс-ыс-ыс, келді қыс.

Ан- -ан-ан соқты боран,

Ар-ар-ар үлпілдек қар.

Ты-ты-ты аяз қатты.

Сабақ ұнады ма?

Жылдың қазір қай мезгілі?

Қыста не жауады?

Қыста қандай ойындар ойналады?.

Сау болыңыздар.

erketai.kz

@. @assel_assanova