Әр адамға агрессияшыл мінез-құлық тән. Ол өзін-өзі қорғау сезімімен байланысты. Бұл мінез адамдардан өзге жануарлардың да бойынан табылады. Алайда адамдар жануарларға қарағанда өздерін бақылауда ұстай алады.
Агрессияшыл мінез-құлықтың себебі әртүрлі болуы мүмкін. Кейде тікелей темпераментпен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл мінез адамның қиын ситуацияда қалай жауап беру керектігін білмегендіктен туындаған. Агрессияшылдық әдетте қорқыту, үркіту, дене жарақатын салу, «ащы» сөздер айту арқылы жүзеге асады.
Сіз өзіңіздің құрдастарыңызды ренжітіп жүрсіз бе? Бұл әдеттен қалай арылуға болады?
♦ Осы қалпыңызды ұнатсаңыз, мінезіңізге еш өзгеріс енгізбесеңіз болады. Құрдастарыңыз сізден қорқып, араларыңыз алшақтай бастайды. Құдды Маугли мультфиліміндегі Шерханға айналасыз. Одан барлығы қорқып, өзі жалғыз қалатыны естеріңізде ме? Өзіңізден мықты адам жолықпайынша осы мінезіңізден танбауға тура келеді. Егер қоршаған ортаңызға қысым жасау мүмкіндігі туса, бұл екі жаққа да қауіп-қатер туғызады. Осы мәселе туралы жасы үлкен аға-әпкелеріңізбен немесе психолог маманмен әңгімелескеніңіз дұрыс.
♦ Өзіңізді сырттай бақылап көріңіз. Басым қабілеттеріңізге назар аударыңыз. Олар – көшбасшы болып, өзгелерді соңыңыздан ерту, алдыңызға қойған мақсатқа жету, кез келген күшке қарсы тұрып, жеңіске жете білу. Осы секілді кемшіліктеріңізді де талдаңыз. Өзгелердің сезіміне түсіністікпен қарап, өзіңізді өзгелердің орнына қойып үйреніңіз. Пікір-талас туындаған мәселелерде даудың тігісін жатқызып, ортақ мәмілеге келе біліңіз. Жоғарыдағы қасиеттеріңізді ескерсек, сізден игі істер жасай алатын тамаша көшбасшы шығар еді. Мұнымен қатар, өзгелерге үлгі бола аласыз.
Оқи отырыңыз:
Құрдастарыңыз сізді ренжітіп жүр ме?
Мектеп бітіруші түлектерге бірер кеңес
Жоғарғы сынып оқушылары ақша жинайды
Ойымызды өсіреміз деп, бойымыз өспей қалатын болды
Сурет авторы: Инесса Шлапак