- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Кітапты не үшін...
Кітапты не үшін оқимыз?
Кітап – адамның ең сенімді серігі. "Кітап оқымаймын, себебі бәрін оқып толыстым" деу ақымаққа ғана тән. Адам кітаппен байиды, таным өрісі кеңейеді, тіпті, басқа адамға айналуы мүмкін. Сіз кітапты не үшін оқисыз?
1. Дүниетанымды кеңейту үшін. Түрлі тақырыптағы, танымдық бағыттағы кітаптар адамды жан-жақты дамытады. Ойлау өрісін кеңейтіп, өзге қырынан танытады.
2. Қиялымызды шарықтату үшін. Қиял – санаға бала жастан сіңетін даралық. Балалық шақта қиял-ғажайыпқа толы шығармаларды оқудың пайдасы зор. Реалдық өмірден қиялға, қиялдан шындыққа оңай алмаса алатын болады.
3. Адамдар туралы көп білу үішн. Көркем шығармаларда кездесетін әр кейіпкердің прототипі өмірде бар. Олардың сөздері, іс-әрекеті, пиғылы, мінезі оқырманға белгілі бір дәрежеде әсер етеді.
4. Жаңа қызығушылықты ояту үшін. Мысалы, шығармада кейіпкер археолог болса немесе сурет жинаумен айналысса, оқырман оның қызығушылығына бейжай қарамаса, онда оны жаңа қырынан тануға мүмкіндік бар деген сөз.
5. Керемет әңгімелесуші. Көп оқыған адам еш қашан іш пыстырмайды. Өйткені, оның айтары көп. Кез келген тақырыпта ойын еркін айтып, дәйектермен дәлелдеп сөйлейтін болады.
6. Тәжірибе алу үшін. Біреудің қателегі – біреуге сабақ. Автордың көрген-түйгенін сіз де біле аласыз. Ол үшін автобиографиялық кітаптырды оқуға кеңес береміз.
7. Ақ пен қараны ажырату үшін. Оқыған кітаптың ішіндегі ақ пен қараны ажырату үшін де интеллектуалдық білім керек. Демек, бір кітапты оқу үшін көптеген кітап оқу керек.
Ал сіз не үшін оқисыз?
Г. Берік