Көру қабілетіңіз жақсы ма? Көзілдірік киюден ұяласыз ба?
Мектеп қабырғасында көпшілігіміз көзілдірік киюге ұяламыз. Алайда, жыл сайын дәрігердің тексерісінен өткен кезде оқушылар 40%-ның көру мүмкіндігі нашар болып шығады екен. Оған не себеп? Күнделікті оқуда көзге салмақ түсіру, кітапты жақын арақашықтықта оқу, смартфондарды жиі қолдану, компьютермен жұмыс жасағанда ережені сақтамау, т.б. Нәтижесінде жанарымыздың қалыптылығын төмендетіп аламыз. Сол себепті де дәрігер ұсынған көзілдірікті кию қажет.
Көз жанарыңызды дұрыстағыңыз келсе, арнайы жаттығуларды орындап, пайдалы тағамдармен қоректену керек. Күнделікті қолданыстағы тағамдар көру қабілетіне зор септігін тигізеді. Көру қабілетін тек дәрі-дәрмек арқылы ғана емес, тамақ рационыңызға өзгеріс енгізе отырып та өзгертуіңізге болады. Шырын көру қабілетінің жақсаруын қамтамасыз етіп, көз ішіндегі қысымын түсіріп, шаршағанын басады. Сондықтан сізге көзге пайдалы шырынның даярлану үлгісін ұсынамыз. Пайдаңызға жарап қалар. Септігі мол, әсері зор.
Шырынның құрамы:
– 8 дана сәбіз;
– 2 дана эндивия салаты;
– занзабіл(имбирь);
– 1/2 көк шөппен қосылған фенхель пиязы;
– қалауыңыз бойынша алма;
– 2 дана лимон.