Қонжық Паддингтон – ағылшын жазушысы Майкл Бонд кітабының кейіпкері. Паддингтон туралы кітап балалар әдебиетінің классикасы саналады. "Паддингтон атты қонжық" кітабы алғаш рет 1958 жылы 13 қазанда жарыққа шыққан. Біз кішкентай кезімізде Винни-Пухты сүйіп қарасақ, британ балаларының сүйікті қонжығы – Паддингтон туралы қызықты фактілер ұсынамыз.
1. Паддингтонды ойлап табушы Майкл Бонд ВВС-де оператор болып жұмыс істеген. Бір күні ол әйеліне сыйлыққа жұмсақ қонжық сатып алады: сөреде тұрған ойыншық оған жалғыз әрі бақытсыз болып көрінеді. Ал ол кез Рождествоның жақындаған кезі еді. Бондтар отбасысы Лондондағы Паддингтон вокзалына жақын жерде тұратындықтан аюды соның атымен атайды.
2. Перуден шығып, Лондонға тап болған аю туралы кітап ондаған тілдерге аударылып, оның 35 миллиондай данасы сатылған. Майкл Бондтың өзі бұл танымалдылыққа таңғалып, былай дейді: "Мен Паддингтон – таза ағылшын кейіпкері деп ойладым".
3. Бастапқыда аю Перуден емес, Африкадан болған. Африкада аю жоқ болғандықтан редактор Майкл Бондқа оны басқаға ауыстыруды ұсынады. Сондықтан атақты ағылшын аюының отанына – Перу айналады.
4. Бір кездері атақты британ актері және жазушысы Стивен Фрай Перуге нағыз Паддингтонды іздеуге барады. Бұл оқиға «Paddington Bear: The Early Years» деректі фильмінің негізіне айналады.
5. Паддингтон киімін өзгерткен жоқ. Ол қалпақ, пальто және етік киіп жүреді және шабадан ұстайды. Оның етігі "веллингтон" деп аталады және оның өз тарихы бар. Бастапқыда оның аяқ киімі болмайды. 1972 жылы Паддингтонның жұмсақ ойыншық түрі шыға бастағанда ол сөреде аяғына нық тұру үшін оған "веллингтон" деп аталатын ұзын резеңке етік кигізеді.
6. 2014 жылы Паддингтон туралы алғашқы фильм шықты. Аюды британ актері Бен Уишоу дыбыстады. Картина сыншылардың жағымды пікіріне ие болды. Ал 2017 жылы бұл фильмнің жалғасы шықты. Оның үшінші бөлімі 2020 жылы шығады деп жоспарланған.