- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Кешіккен оқушыға қызық...
Кешіккен оқушыға қызық «жаза» қолдану
Оқушы бір рет кешіксе, ештеңе етпейді, екі рет кешіксе де кешіруге болады. Ал үшінші рет кешіккен оқушы – мұны әдетке айналдырып алуы әбден мүмкін.
Қытай медицинасы ауруды емдемес бұрын, алдымен пайда болу себебін анықтайды екен. Сол тәрізді қай-қай нәрсені де, ең алдымен, себеп-салдарын зерттеген жөн. Оқушы сабаққа жиі кешігетін болса, дәріс аяқталған соң, өзімен жеке сөйлесіп, кешігуінің себебін сұраңыз. Бастауыш сынып баласы болса, ата-анасымен ақылдасып, бұл келеңсіздікке бірден тосқауыл қою қажет.
Ал мұғалімді «кешікпейтіні жөнінде айтылған құрғақ уәдеге», «енді қайталамайтыны туралы жазылған түсініктемеге тойдырған» балаға мынадай қызықты «жаза» қолданып көріңіз.
Бір не бірнеше оқушы сабаққа кешігіп жатса, басқа оқушылармен былай келісуге болады. Олар кіріп келгенде оқушылар қол шапалақтайды. Одан кейін мұғалім: «Кешіккен оқушылар бізге ауадай қажет болды. Олардың келгеніне аса қуаныштымыз. Бірақ олардың кешіккені бүкіл сынып оқушысына көп кедергі келтірді», – дейді. Барлығының назары өзіне ауған оқушылар кінәлі екенін сезініп, енді «шынымен» кешікпеуге тырысады.
Бұл жазадан кейін де кешігуін тоқтатпайтын оқушыға мына әдісті пайдаланып көріңіз. Сыныпаралық не мектепаралық қабырға газеті жасалады. Онда тәртіп бұзған оқушылардың суреті ілінеді. Кешіккен оқушы жанына: «Ұйқыны жақсы көремін», «тәртіп бұздым, түзетуге уәде беремін», «айдың үздік кешігушісі» деген секілді айдарлар тағу.
Кешікпей, дәл уақытымен жүруге қазірден дағдыланыңыздар, құрметті оқушылар! Ал сіз кешігу әдетімен қалай күресесіз?
@. @assel_assanova