Қазақстандық мектептер үштілділікке қалай өтеді?

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанның үштілділікке қалай өтетінін түсіндірді. Қазақстан 1 қыркүйектен бастап білім берудің жаңа жүйесі бес күндік оқу аптасына кезең-кезеңмен өтеді, бастапқыда бұл жүйеге бірінші сынып оқушылары көшеді.

"Ешкім мектеп пәндеріндегі үштілділікті 1 қыркүйектен бастап міндетті түрде енгізейін деп отырған жоқ. Бағдарламаға сәйкес, тек 10-11-сыныптарда және тек 2019 жылдың қыркүйегінен бастап, төрт пәннен ғана (физика, химия, биология, информатика) сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Бұл аптасына 8 сағат деген сөз. Сонымен қатар, қазақ тілінде білім беретін мектептерде: математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география және басқа пәндер қазақ тілінде өтеді. Барлығы 16 сағат. Мен мұны мамандарға айтып отырмын. Оқудың 22 сағатының 14 сағаты қазақ тілінде өтіп, оған қоса 3 сағат дене шынықтыру пәні қосылады және де таңдау пәндері бар. Оқу қай тілде болмасын орыс тілі мен әдебиеті, дүниежүзі тарихы пәндері орыс тілінде өтеді. Орыс мектептерінде де осылай. Және бұл төртінші жылы болады. Тек жоғары сынып оқушылары үшін", - деп түсіндірді ол.

"Қалған сыныптарда бүгінгі базалық жүйе қалады. Балалардың жоғары мектепте үштілділікке дайын болуы үшін тілдерді үйрету күшейеді. Біз мектептерге оқушылардың пәндерді үш тілде үйренулеріне мүмкіндік береміз. Бұл мектептердің оған қай уақытта дайын болатынына байланысты. Мұғалімдерді жаппай дайындау осы жылы басталады. Біздің айтып отырғанымыз, аудандардағы жұмыс қызып жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыстың нәтижесіне қараңдар. Қызылорда мен Ақтөбеде де біраз жұмыс атқарылды", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz