Бүгін Алматыда өткен «Ғылым мен бизнес» ғылыми форумында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 5 күндік оқыту жүйесі туралы түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, жаңа оқу бағдарламасындағы 5 күндік оқу оқыту жүйесі оқушыларға қосымша 1,5 ай демалыс береді.
«Біз балаларға қосымша 34 күн демалыс береміз. Бұл барлық сенбілерді қоса алғанда. Енді оқу мерзімін 1 маусымға дейін созып жатырмыз. Яғни, 5 күнді алғанда барлығы 29 күн (жазғы демалыстан бөлек) ата-аналар мен балалар демалады», - деді Е.Сағадиев.
Жаңа бағдарлама бойынша әр пән қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектебінде апробациядан өтті.
Биыл бірінші кластар, 2017 жылы 2,5,7-сыныптар көшеді. Барлығы жаңа оқыту жүйесі 350 мың оқытушы мен 3 млн баланы қамтиды.
«Біз заманауи бағарламаның игілігін көруге міндеттіміз. Биылдың өзінде 75 мың оқытушы жаңа бағдарламамен оқытылады», - деді министр.
Дереккөз: inform.kz