Қазақстанда бірінші сынып оқушылары аптасына бес күн оқуы мүмкін

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары аптасына бес күн оқуы мүмкін

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары аптасына бес күн оқуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бірінші сынып оқушылары үшін пәндерді қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оларды бес күндік оқу аптасына ауыстыру жөнінде жұмыстар жүру үстінде", – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілшілердің сұрағына жауабында.

"30 мектепте сынақ өткіземіз, 2015-2016 жылдары бес күндік оқу апталығы енгізіледі. Осы жаңа ережелерді еңгіземіз", - деді Жонтаева. Оның айтуынша, сынақ қорытындысында бұл стандарттың елдегі барлық мектепке енгізілу-енгізілмеуі белгілі болады. 

Айта кетейік, 2014 жылдың күз айында мәжілісмендер қазақстандық оқушыларға бес күндік оқу апталығын енгізуді ұсынған болатын. 

Осыған дейін Қазақстанда орта білім берудің жаңа стандарттары жасалатыны хабарланған еді.

"Біз 12 жылдық білім беруге жақындай береміз, бірақ, Президенттің тапсырғанындай, бұл процесс 11 жылдық білім беру мен оған бір жыл мектепке дейінгі дайындық аясында жүзеге асады. Бүгінге дейін мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы 6 жастағы барлық балалардың 95 пайызын қамтиды, біз даму жолында жүреміз, дәл осы мектепке дейінгі дайындық бағдарламасын модернизациялаймыз. Бұл 1 + 11 формуласы іспетті болады. Жыл соңына дейін 11 жылдық білім беру мен оған тағы бір жыл мектепке дейінгі дайындықты қосатын жаңа стандартты дайындаймыз", - деген еді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

сурет: altaynews.kz

Е. Қайрахан