10 маусымда Makerspace Almaty, OYLA ғылыми-көпшілік журналы, "Шеврон" компаниясы және Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қолдауымен алғашқы Ашық зертханалық жұмысты өткізеді. Ашық зертханалық жұмыс немесе “Лаба” – бұл ғылыми сауаттылықты тексерудің көпшілікке арналған алғашқы шарасы.
“Күнбағыс майының құрамында холестерин бар ма? Күн сәулесінен жүйрік не бар? Ай неге Жерге құлап түспейді? Біз миымыздың тек 10% ғана пайдаланамыз ба? Осы және басқа да сұрақтар қарапайым, тіпті баланың сұрақтары болып көрінуі мүмкін, бірақ оларға жауап беру соншалықты оңай емес. Өзіміз қайдан шықтық, табиғаттың құрылымы қандай және техника қалай істейді – осыны еске түсіру үшін біз Ашық зертханалық жұмысты өткізуге бел будық. Сізге формулалар, колбалар, реактивтер, тіпті калькулятордың да керегі жоқ. Логика, парасат, байқампаздық қана керек,” – деді Мария Валяева, OYLA журналының ғылыми журналисі.
Игликова Алма Мырзашқызы, Алматы қаласының ФМБ НЗМ тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары: “Жас ұрпақты оқытудың негізгі мақсаттарының бірі ол ақпаратты жаттау емес, керісінше сыни көзқарас, зерттеу, аналитикалық, шығармашылық қасиеттерді дамыту. Сыныптан тыс белсенділікке көп мән бергендіктен, біз бұл шараны қолдаймыз. Білімді де білікті балалардан болашақта ғалым, өнертапқыштар шығады”.
Қазақстанда Ашық зертханалық жұмыс алғашқы рет өткізілуде. Ашық зертханалық жұмыстың тапсырмалары және оларды ғалымдармен бірге талдау қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. 1 сағат ішінде тапсырмаларға жауап беру керек. Ал зертханалық жұмыстан кейін қала оқушылары өздерінің жобалары мен жетістіктерін ғылыми көрмеде көпшілікке көрсетеді.
Шара бағдарламасы:
10 маусым.
10:30-11:00 – Тіркелу.
11:00 – Зертханалық жұмыстың басталуы.
12:00 – Жұмыстың аяқталуы. Тапсырмаларды талдау.
12:30 Ғылыми көрменің басталуы.