- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Кәсіби диктордың 12...
Кәсіби диктордың 12 қасиеті #2
Көп адам дикторлық ең оңай мамандық деп бағалап, осы саланың маманы болуды армандайды. Бүгінгі таңда дикторлардың жұмысы жан-жақтылықты, өз саласын кәсіби деңгейде меңгеруді қажет етеді. Ол өз кезегінде телевидениеде, радиостанцияда жаңалықтар оқып, түрлі музыкалық бағдарлама жүргізе алады. Мұнымен қатар, фильмдер мен жарнамаларды дыбыстау мүмкіндігіне ие болады.
7. Оқу жылдамдығы
Әр сөздің таза шығуын қамтамасыз ете отырып жылдам оқу – дикторға қажет қасиеттердің бірі. Небары 30 секундқа созылатын аудио жарнамаларға айтарлықтай көп мәтінді сыйғызу қажеттілігі туындап жатады. Оқу жылдамдығын осы тұста ұтымды пайдалануға болады.
8. Үйлесім
Алғашқы жазбамызда айтылған эмоциясыз оқу қасиетінен кейін үйлесімді еске аламыз. Бұл - бұлшық еттеріңіздің ділдік есте сақтау қабілетінің сапасы. Сіздің көздеріңіз әр сөйлемді оқып, оны миыңызға бағыттап отырады. Ал ми өз кезегінде оны сөйлеу мүшелеріне сөз түрінде бағыттайды. Мұны «көз-ми-ерін координациясы» деп атайды. Дикторлар аталған қасиетті тек бірнеше жылдық тәжірибеден кейін ғана игере алады.
9. Актерлік шеберлік
Бұл да - диктордың бойынан табылуы тиіс, ең қажетті қасиеттердің бірі. Диктор эмоцияға қалай беріле білсе, дәл солай салқынқандылық таныта білуі тиіс. Себебі, бір мәтін сезімге берілуді талап етсе, екіншісі қарапайым ғана оқып шығуды қажетсінуі мүмкін.
10. Сендіре білу
Дауыс өңдеушілер «Диктор тақырыптың не туралы екенін білмесе де, оны өзгелерге түсінікті болатындай айтып жеткізуі тиіс» дейді. Бұл сөздер өз ісінің шебері болғысы келетін жандарға бағытталады. Яғни ырғақ, екпін, стильдің көмегімен сөзіңізге сендіре білуіңіз керек.
11. Бақылау
Жақсы дикторлар үнемі өздерін бақылауда ұстай алады. Яғни дауыстарын бақылай алады. Сөзінің қаншалықты қатты шығатындығын, тыныс алуын, ырғағын бақылап отырады. Дауыс әр кезде бірдей шығуы тиіс. Мұнымен қатар, тыныс алу жиілігі де қалыпты болғаны жөн. Осы қасиетті игерген дикторлардың даусы жазбаны бірнеше рет өңдесе де, бірдей шығады.
12. Сенімділік
Біз сөз етіп отырған сенімділік пен тәкаппарлықты, менмендікті шатастырып алмаңыз. Бұл тек дыбыстауға қатысты айтылып жатыр. Үйде болғаныңызда алдын ала жаттықсаңыз, кез келген жерге жұмысқа орналаса аласыз.
Сурет: yvision.kz
Қ. Бүйенбай