БАСЫ
1-жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болуы керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
№6 билет. Екілік бағаны жиі коясыз ба?
Жұмбақ:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Желсоққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Есептеңіз:
4*8+3-4 = 31 5+9-8/2 = 10 7*3+4-15 = 10 2*16-7-20 = 5 11+24-8-16 = 11 14+23-4*6 =132-жүргізуші: Қазақта «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген жақсы сөз бар, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берейік.
Әзіл – қалжың отауы. Ұстаздар өмірінен.
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
- Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
- Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өзмойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
- Жазушыларғакелерболсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім сияқты күнде жазуға отырмас.
- Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеріп жүр. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
1-жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңмен бастау алар әр арман.
Көрініс «Жаналықтар»
Екі жүргізуші бірге:
Ұстазым-бір өзіңе бас иеміз, ұстаздар мерекесіне арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты мұғалімдермен, ардагер ұстаздармен өткізген мерекелік кешіміз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!
Ән «Ұстазым менің, ұстазым»
М -мейірімді
Ұ- ұлағатты
Ғ-ғазиз
А-ақылды
Л- лайықты
І-іскер
М- маман
Жолдаған: Жадыра Агибаева