Егер сіз халықтың алдына шығатын болсаңыз, айтатын материалды жинақтап, дайындалуыңыз керек. Қазіргі күні мамандар «жаппай жаттауды» қате әдіс дейді.
Сол себепті назарларыңызға материалды жаттаудың 2 әдісін ұсынамыз:
1. Егер дайындыққа 2 күндей уақытыңыз болса, мынадай ретпен дайындалыңыз:
- алғашқы қайталау – бір рет оқып болған бойда;
- екінші рет қайталау – бірінші рет қайталағаннан кейін 20 минут өткен соң;
- үшінші рет қайталау – екінші рет қайталағаннан кейін 8 сағат өткен соң;
- төртінші рет қайталау – үшінші рет қайталағаннан кейін 24 сағат өткен соң.
2. Егер уақытыңыз шектелмеген болса, оның үстіне ақпаратты ұзағырақ есте сақтау үшін мына әдісті пайдалануға болады:
- алғашқы қайталау – бір рет оқып болған бойда;
- екінші рет қайталау – бірінші рет қайталағаннан кейін 20-30 минут өткен соң;
- үшінші рет қайталау – екінші рет қайталағаннан кейін 1 күн өткен соң;
- төртінші рет қайталау – үшінші рет қайталағаннан кейін 2-3 апта өткен соң;
- бесінші рет қайталау – төртінші рет қайталағаннан кейін 2-3 ай өткен соң.
Осы әдістерді қолданып көріңіз. Іске сәт!