- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- "Қағаз, қайшы, тас"...
"Қағаз, қайшы, тас" ойынында жеңіске жеткіңіз келе ме?
Бала күнімізде мәселенің түйінін шеше алмай, арада талас туындаған кезде бір қызықты ойынның көмегіне жүгінетініміз естеріңізде ме? Ол «қағаз, қайшы, тас» деп аталады. Бұл ойын тіпті жігіттер арасындағы даулы мәселелерді де шешуге көмектесетін еді. Осы ойында жеңіске жетуің бағыңа байланысты деп ойлайтынмын. Алайда оның бірнеше құпиясы бар екен.
Ережесін ұмытып қалсаңыздар, естеріңізге сала кетейін: қайшыны тас сындырады, ал қайшы қағазды кеседі, қағаз тастың бетін жауып қалады. Қытайлық Чжэцзян университетінің мамандары бірнеше эксперимент жүргізген екен. Нәтижесінде өзінің қарсыласын жеңген ойыншы келесі партияда да өз әрекетін қайталайтындығы анықталған. Ал егер бірнеше раундтан кейін жеңіліс тапса, қарсыласының комбинациясын қайталауға тырысады екен. Осыған орай, келесі стратегияны жүзеге асыруға болады:
Жеңіске жеткен болсаңыз, қарсыласыңыздың соңғы комбинациясын қайталаңыз.
Көп жағдайда жігіттер бірінші тасты көрсетеді. Сондықтан бірінші қағазды көрсетуге тырысыңыз.
Тәжірибесі бар ойыншы қарсыласына аяушылық танытып, алғашында қағазды көрсетеді. Осы тұста қайшы көрсетіп үлгерген жөн.
Әдетте құпия болып көрінуді ұнататын жандар бірнеше рет тас, артынша қайшы көрсетеді. Мүмкіндігінше тас көрсетпеңіз.
Қарсыласыңыздың саусақтарын бақылаңыз. Саусағының бұлшық еттеріне күш түссе, тасты көрсетеді. Керісінше қолын барынша жеңіл ұстаса, қағаз, ал екі саусығының бұлшық етіне күш түссе, қайшыны көрсетеді.
Ойын барысында қағазды - 29,6%, қайшыны - 35%, тасты - 35,4% жағдайда көрсетеді. Сіз өз кезегіңізде қарсыласыңызға күтпеген жағдайға қалдырыңыз.
Қ. Бүйенбай