Баланың ойлау жүйесі даму үшін оған жиі жұмбақ жасыру керек. Сол кезде, бала ойланатын әрі жеңіл шешім таба алатын болады.Ызақор бұғып жатыр,Сақалы шығып жатыр.(жуа) *** Қалың киім ұнатадыШешіндірсең жылатады.(жуа) *** Бұл не деген көп киім,жетпіс қабат көп киім.Жаңбыр одан өтпейді,қабат-қабат тоны бар,түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ) *** Үстіне тігіп көк шатыр,Астында қызыл дәу жатыр(қызылша) *** Сырты жасыл қаттыІші қызыл тәтті.(қарбыз) *** Жерде жатып желіндейді,Күз түскенше желінбейді.(қауын) *** Көк лағым көгенде жатып семіреді.(Қарбыз) *** Жасыл ала дөңгелек,Бақшада жатыр дөңгелеп.(қарбыз) *** Әр желінің асты толған көк қоян,Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.(қияр) *** Ақ құман жүр жүзіп.Су бетін сүзіп.(аққу) *** Бес қаруы беліндеСамғап жүреді көгімде.(бүркіт) Бір-ақ сөз біледі,Өз аты онысы.Соны айтып жүредіжәне жоқ қонысы.(көкек) *** Талдың басында,жемі бар қасында,Там тұр саялы,достары аялы.(құс ұясы) *** Ағайынды бәрі:Шықса-көк,Түссе-сары.(жапырақтар) *** Шәкіртке жанашыр,Мейірман кім, жаны асыл.(ұстаз) *** Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама.(кітап) *** Жіп-жіңішке денесі,Ортасында шегесі.(қарындаш) *** Жазу жазып жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған.(бор) Білімнен мол сый-асы,Балғындардың ұясы.(мектеп) *** Қиналып көтеріп,Өзінен ауырды.Жорғалап кетеді,Жүкшідей кәдімгі.(құмырсқа) *** Бейбітшілік құсы деп,Атайды оны барша жұрт.(көгершін) *** Қыста киімін тастайды,Көктемде киіне бастайды.(ағаш) *** Қолы бар,Саусағы жоқ.Мойны бар,Басы жоқ.(көйлек) *** Ұшады қанатсыз,Зырлайды аяқсыз.(Зымыран) *** Беттескен қос табақ,Ортасында бас тамақ.Киізбен шоққа ораса,Дәм піседі тамаша.(таба нан) *** Үсті тас,асты тас,Ортасында піскен ас.(нан) дереккөз:erketai.org