Бастауыш сыныпта оқитын кезімізде еңбекке баулу сабағы қызықты өтетін. Өзіміз қолдан жасаған бұйымдар ерекше шаттық сыйлаушы еді. Балалық шақты еске алу не балаларымызды ептілікке, шеберлікке үйрету мақсатында қағаздан жұлдыз жасау жолын ұсынамыз. Бұл жұлдызды тоңазытқышқа, компьютер құрылғыларына жапсыруғаға, жұмыс үстелін сәндеу мақсатында қолдануға болады.
- Түрлі түсті қағаз;
- қайшы;
- қарындаш;
- желім;
- стақан;
- сызғыш.
диаметрі мен радиусын өлшеуге де қолдануға болады.
Дөңгелек жиегінен 4 см өлшеп алып, бірдей 4 сантиметрлік кесінділерге бөліп шығамыз.
Жиектерін қиып, он екі бұрыштық фигура аламыз.
Сызықтар бойынша ортасынан бүктейміз.
Бұрыштарын біріктіргенде жұлдыз пайда болады.
Өз қалауыңызша жапсырып, жұмыс үстелін, тоңазытқышты не өзге нәрсені сәндесеңіз болады.