- Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.
- Баға құнды емес, бала құнды.
- Ұстаз қызметінің мақсаты - өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: Ол - адамды жасаушы адам.
- Сабақ - ұстаз бен шәкірттің адами қарым-қатынасы.
- Сабақтың мақсаты - баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.
- Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
- Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса бала жанын ұға білсін.
- Әр баланың өмір тіршілігі - өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ойланып қара. Сабаққа келмесе, себебіне үңіл. Сабағына қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. Себебін алдымен өзіңнен ізде.
- Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.
- Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.
- Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.
- Баланы таңғалдыруды ұмытпа: "Даналыққа ұмтылу таңғалудан басталады". Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. Жеңісін ізде.
- Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла.
- Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа.
- Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.
- Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.
- Импровизация - сабақтың жаны.
- Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.
- Әр бала - табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол үшін-ақ сыйлауға тұрады.
Алма Қыраубайқызының "Жаным садаға кітабынан"
Сурет: nis.edu.kz