- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Жекеменшік мектеп бағаға...
Жекеменшік мектеп бағаға қалай әсер етеді?
Әлемдегі білім беру мекемелерінің 1/5 бөлігін жекеменшік мектептер құрайды. Ал соның 2,6%-ы елімізге тиесілі.
Бүгінгі таңда мектептер бір-бірінен білім беру барысында заманауи технологияларды ұтымды пайдалануымен ерекшеленеді. Осыған орай, Батыс елдердің мамандары оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін әлеуметтік медианы қолдануды ұсынады. Мысалы, оқушылардың фейсбук, вконтакте секілді желілер арқылы өз ойын жазбаша жеткізуі, Twitter желісінде пікір-талас жүргізіп, ақпарат алмасуы. Мұнымен қатар, түрлі ұялы бағдарлама бар.
Әлеуметтік медиа мен компьютерлік ойындарды сабақ барысында пайдалану тақырыбы Батыс білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналды десек те болады.
Good.is журналының нәтижесіне сәйкес, кейбір Америка мектебі ойындарды білім беру барысында пайдаланып жүр. Мысалы, атландық ұстаз "Angry Birds" ойынын физика пәнін оқытуда қолдануды ұсынған екен. Бұл тек алғашқы қадамдар ғана. Ұстаздардың айтуынша, ойындар оқушылардың көңілін аулап қана қоймай, жаңа тақырыпты игеруге бағыттайды. Сол себепті оқытушылар өтетін жаңа тақырыптарына сәйкес түрлі ұялы қосымшаны да қарастыра келеді. Тіпті, ұстаздар кейбір ойындарда бас қаһарманға айналады екен.
Білімді ерекше әдіспен беру саласының маманы Кен Робинсон сабақ оқытуда Google мен Pixar сынды компаниялардың ойындарын алуды ұсынады. No Right Brain Left Behind тобы оқушыларға арналған ойындар ойлап табатын компаниялардың арасында жарыс та ұйымдастырған екен. Бұдан өзге ол ойындардың оқушыларға пайдалы болуы ескерілген.
Батыс ұстаздары осылайша заман ағымынан қалып қоймай, мектеп оқушыларымен қатар жүру қағидасын ұстануды жөн көруде.
Жалғасы бар...
Сурет: ©Виктор Магдеев (өңделген)
Қ. Бүйенбай