Жеке тұлғалық қасиетті дамыту

Адам әр күнін, әр сәтін өзін өзі дамытуға арнауы тиіс. Жетілмей, бір орында тұрсаңыз, артта қалдым дей беріңіз, себебі өзгелер шаңына ілестрімей жаныңыздан өте шығады.

Бас қатырғыш. Өзіңіздің ой-санаңызды жетілдіру үшін бас қатырғыштар пайдаланыңыз. Викториналық сұрақтардың жауабын тауып, ребус, сөзжұмбақ шешіп, кубик-рубик, пазл құрастырыңыз. Бұл ақыл-ой және шығармашылық қабілетіңізді жетілдіреді. Логикалық ойлау жүйеңіз де тереңдей түседі.

Сауда жасау. Ірі не ұсақ тауарларды сатып алу алдында жақсылап ойланыңыз. Оның пайдасы мен зиянын жіпке тізіп, қайсысы көбірек екенін ой елегінен өткізіңіз. Бұл сізді босқа артық ақша жұсаудан құтқарады.

Шешім қабілдау. Алдыңызда екі жол тұрғанда бірін тез таңдауға дағдыланыңыз. Бұл шешіміңізге еш өкінбейтініңізге де сенімді болыңыз.

Аптасына бір кітап оқыңыз. Тіл байлығыңыз молайып, сауатыңыз артқанымен қатар, ми жақсы жұмыс істеуіне сеп болады. Кез келген жағдайдан алып шығар сенімді серігіңіз кітап болмақ.